«Алматы тұлғалары» жобасының қатысушылары марапатталды

Жаңалықтар
view 75
news

Сурет: Ашық дереккөзден

 Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен 14 қазан күні SmArt.Point коворкинг - орталығында «Алматы тұлғалары» жобасының марапаттау рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Алматы тұлғалары» жобасы аясында жетістік пен табыс идеяларын насихаттап, сүйікті қаламыздың дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан қала тұрғындарынан 100 – ден аса өтінім түсті.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, туған қаласына игілігі үшін ынта-ықыласын біріктірген, ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттаған жобада конкурстық комиссиядан іріктеліп, үздік деп танылған «5 тұлғаны», «ҰРПАҚ ТӘЛІМГЕРІ», «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ҮЗДІК ШӘКІРТ», «ҚАЙЫРЫМДЫ КӘСІПКЕР», «ҮЗДІК БАҒБАН-ҮЛГІЛІ АЗАМАТ», «ҮЗДІК ВОЛОНТЕР-МЕЙІРІМДІ ЖАН» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі, сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына жүлде қорын табыстау көзделген.

Іс-шараның мақсаты-өз саласында жетістікке жеткен тұлғалардың үлгісімен табыстылық идеяларын насихаттау және ілгерілету болып табылады.  

    “Алматы тұлғалары” жобасы жастар арасында патриотизмді күшейтуге, олардың тарихи және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қазіргі қоғамның дамуына үлкен ықпал еткен тұлғаларды тану арқылы, болашақ ұрпақ өзінің тарихи тамырларымен мақтана алады және сол тұлғалардың ізімен жүріп, қоғамның дамуына үлес қосуға ұмтылады.Бұл жоба түрлі форматтарда жүзеге асырылуда: биографиялық мақалалар, деректі фильмдер, көрмелер және көпшілік кездесулер. Бұл жұмыстар арқылы халық Алматының өткенін жаңғыртып, болашаққа деген көзқарасын кеңейтеді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *