Алматы тұрғыны әйелін екі баласының көзінше соққыға жыққан (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 95
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Алматыда кәмелетке толмаған балалардың көзінше әйелді соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде әйелдің диванда отырған видеосы пайда болды. Бет-аузының қан-жоса екені көрінеді. Бұл уақытта оның қасында екі бала бар, олардың бірі жылап отыр. Кейін ауруханадағы кадрлар көрсетіледі: зардап шегушінің беті таңылған, көгерген.

Әйелдің айтуынша, оқиға 28 тамызда болған. Ол өзіне бұрынғы күйеуі шабуыл жасағанын мәлімдеді. Айтуынша, екеуі 3 жыл бұрын ажырасып кеткен.

2025 жылдың 28 тамызында мені 3 жыл бұрын ажырасқан бұрынғы күйеуім аяусыз ұрып-соқты. Некеден кәмелетке толмаған 2 баламыз бар, – дейді зардап шегуші видеода.

Айтуынша, шабуылдан кейін ол ауыр жарақат алған, жақ сүйегін қалпына келтіру үшін бірнеше ота жасалған және ұзақ уақыт ауруханада болған.

Дегенмен уақыт өтсе де құқық қорғау органдары тарапынан нақты әрекет көріп тұрған жоқпын. Бұрынғы күйеуімнің отбасының байлығы мен байланыстары салдарынан іс жабылып қалуы мүмкін деп қорқамын. Екі кішкентай балам бар, мен өзімді қорғауға құқығым бар екенін дәлелдеуге міндетті емеспін, – деді ол.

Зардап шегуші кінәлі адамды жауапқа тартып, заңның қатаң талаптарына сәйкес жазалауды сұрады. Ал Алматы қалалық ПД оқиға дерегін растап отыр. Ведомство мәліметінше, 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатыны айтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *