Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Жаңалықтар
103
Фото: ашық дереккөз
Алматыда, Әуезов ауданында 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы сәтте Алматы қаласының өрт сөндірушілері Әуезов ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің балконындағы өртті сөндіруде, - делінген хабарламада.
Әзірге 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, Алматы қаласы Ақсай шағын ауданында 9 қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шықты. Өртті сөндіру жеке автокөліктер мен тар жолдармен қиындай түсті.
Пікірлер (0)