Алматыда жер сілкінді: қала әкімдігі халыққа үндеу жасады

Жаңалықтар
view 97
news

Фото: canva.com

Алматы қаласындағы жер сілкінісіне байланысты әкімдік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін қала тұрғындары Қытай аумағында болған жер сілкінісінің дүмпуін сезді.

Бүгін Астана уақытымен 12:44-те ТЖМ-нің сейсмикалық стансалары жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км қашықтықта, Қытай аумағында, 5 км тереңдікте орналасқан. Оның магнитудасы MPV 6,7 құрады.

Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.

Барлық ескерту жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді: тұрғындарға Mass Alert арқылы хабарламалар келді, қала сиреналары, сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда дауыстық ескертулер болды, эвакуация жүргізілді. Алгоритм бойынша адамдар ғимараттарды тастап, көшеге шықты, – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мегаполис билігі тұрғындар мен қонақтарға сабыр сақтап, құтқару қызметтерінің нұсқауларын орындауды сұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *