«Сұрақ-жауап алдын ала беріледі»: экс-депутат Мәжіліс жиындары сценариймен өтетінін айтты

Жаңалықтар
view 90
news

Фото: mazhilis.parlam.kz

Былтыр 25 желтоқсанда Мәжіліс отырысында өткір пікір айтып, сауал жолдап, кейін мандатынан айырылған Гаухар Танашева өз еркімен қызметтен кетпегенін мәлімдеді. Оның үстіне Мәжілісте бәрі алдын ала келісіммен өтетіні жайлы «Азаттыққа» берген сұхбатында ашық айтқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Нағыз ашықтық осылай көрінеді»: Депутат Мәжіліс отырысына майкамен қатысқан адамның ВИДЕОСЫН жариялады

«Виллаңызды көрсетіңізші»: жұпыны пәтерлерін жария еткен депутаттың әйелі мазаққа ұшырады

«Біздің сөзіміз бен ісіміз сәйкес келмейді»: Депутат Ринат Зайытов Парламент жұмысын сынады

«Мені Мәжілістен кетірді»

Ол былтыр билігі халқын аямаған елде ілгерілеу мүмкін емес екенін айтып, елдің әлеуметтік жағдайына тоқталған болатын. Халықтың 80 пайыздан астамы қарызбен өмір сүретінін ашық айтқан ол дәл осы сауалына еш рұқсат берілмегенін, дегенмен өзі сауалды қоюға шешім қабылдағанын айтты.

Мені Мәжілістен кетірді деп айтсам да болады. Себебі менің ең соңғы депутаттық сауалымды естіген боларсыздар. Сол жерде халықтың жағдайын көтергенмін. Халық пен Үкімет арасындағы көпірдің жоқтығын айттым. Мен көтерген мәселе Мәжіліске де, партияға да ұнаған жоқ. Себебі ол туралы маған «сіз мынандайды қойыңыз» деді. Депутаттық сауалдар бір айлап жататын. Соңғы депутаттық сауалымды оқыр алдында маған оны оқуға рұқсат берілмеген. Партия да рұқсат бермеді. Соңында сауалым Альберт Рауға түсті. Ол  AMANAT партиясының өкілі, вице-спикер, «оқымайсың» деп айтты. Бірақ мен өзім оқимын деп шештім, деді экс-депутат. 

«Мәселені бірігіп шешейік, қолымыздан не келеді» деп бірігу жоқ»

Ол депутаттар елдің мәселесін көтерсе де, министрліктер өз бетінше әрекет ететінін жеткізді.

Бюро отырысын жасап, орталық сайлау комиссиясына шешімді жібердік. «Сіз депутат емессіз» деп айтты. Сонда мені өтіп кеткен күнмен шығарып тастаған. Маған ескертілмеген. Бюро отырысы болса, мен ол отырысқа баруым керек еді. Шешіммен келіспесем, ойымды айтуым керек. Маған ондай мүмкіндік берілген жоқ. Министрліктер өзінше, депутаттар өзінше. Депутаттар халықтың мәселесін көтереді. Министрліктер өз ісін жасап жүре береді. «Мәселені бірігіп шешейік, қолымыздан не келеді?» деп бірігу жоқ,  деді Гаухар Танашева.

Ол Мәжілісте бәрі алдын ала келісіммен өтетінін, кімнің сұрақ қоятынына дейін шешілетінін жайып салды.

Мәжілісте бәрі сценариймен өтеді. Ол бойынша Үкімет сағаты өтеді, кім сөйлейтіні, қанша адам сұрақ қоятыны шешіледі. Сұрақтарды басында дайындап қояды. Министр болсаңыз, жауабын береді. Депутат болсам, маған сұрағын беріп қояды. Содан «жақсы, керемет» отырыс өтеді,  деді экс-депутат.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *