Алматыда жол опырылып түсті

Жаңалықтар
view 104
news

Фотосурет: Данияр Омурзаков

Алматыдағы Жамақаев көшесінің бойындағы жол опырылып қалды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Оқыс оқиғаға қатысты Медеу ауданының әкімдігі түсінік берді.

"Топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесіндегі жол жиегі жартылай бүлінді. Диаметрі 100 мм су құбыры мен кәріз құбыры ішінара зақымданды. Жеке инженерлік желілер жартылай зақымданды. Бұған дейін үзіліп қалған су беру жүйесі қалпына келтірілді", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Мамандар оқиға орнын тексеріп, оның салдарын жойып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *