Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 122
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Алматыда көшенің қақ ортасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті. Көп жарақат алған тәртіп сақшысы қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға кеше күндіз сағат 3 шамасында Желтоқсан, Сәтпаев көшелерінің қиылысында болды. Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам кенет ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін соғып өткен. Белгіге де мән бермей, көшені қақ жарып өтпек болған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған.

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *