Ана шмараның маткасын басына кигізер едім – «Тұрсынбек тақырыбындағы» психологтың эмоциясы
Фотосурет: ашық дереккөз
Психолог атанып жүрген блогерлердің бірі Шолпан Тоқтархан Тұрсынбек Қабатов пен оның отбасы туралы ойын білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Бүгін дайректке «Апай, неге ештеңе болмағандай пост жазғансыз? Өзіңіздің басыңыздан өтті ғой, сондай қиыншылық. Әлде етіңіз үйреніп кеткен бе? Мөлдірді неге қолдамайсыз?» деп көп смс келіпті. Қандай мықты болсам да менің жүрегім – ана жүрегі, Мөлдір үшін, 5 балапан үшін, әрине, тулайды.
«Қабатовқа байкот жариялайық» деп Мөлдірдің соңғы подкастарын жіберіпті. Мен «өтірік шығар» деп бейқам жүрсем, масқара бопты ғой. Подкастты толық көріп, давлением көтеріліп, скорыймен әрең түсірдім. Баяғыда Мәдина Ералиеваның қайтыс болғанын естігенде осылай скорый келген, дәл солай болды.
Еркектер не боп кеткен? Бишімбаевтар көп екен, масқара... Жоғарыдағылар қайда қарап отыр? Неге үндемейді? Қабатовтың төбесін оятын адам жоқ па? 5 бала тірі жетім болды ғой. Мөлдірдің отбасы деп жанын салған маңдай тері далаға кетті ме? Заң қайда? Неге өнер адамдарының тәртібін қарамайды? Болашаққа не үлгі? Қытайда 2 баласын тастап ажырасса, жұмысқа алмайды екен. Аяқ-қолым сау болса, бес баланың көз жасы үшін Тұрсынбектің мұрынан бет қылып, семьясын бұзған ана шмараның маткасын басына кигізер едім.
Мөлдірді көзім көрген, дастарқандас болған сіңілім. Ақжарқын, ақ көңіл, пысық, талантты, қашанда жарқылдап күліп жүретін қыз. Оның мәз-мейрам жүрген кейпіне қарап, 14 жыл қасірет шегіп жүр деп ойламаппын. Мөлдірдің мықтылығына тәнті болдым.
Мен көтінен тепсең, көк тиыны жоқ мұрт үшін нерв боп, инсульт алып, бір өліп-тірілдім емес пе... Егер постты оқысаң, сен үшін, балапандарың үшін дұғадамыз. Өзіңе де, киноңа да сәттілік, сіңілім! Мөлдірдің қызғалдақтай өмірі мен бес балапанның жүрегін аямаған «тұрсынбекті» Алла аямасын!
Мен және бүкіл оқырмандарымның атынан айтамын: сені де, киноңды да қолдаймыз, біз сенімен біргеміз, барлық аналар сенімен бірге», – деп біраз эмоциясын сыртқа шығарды Шолпан Тоқтархан.
Пікірлер (0)