Балаларға ит-мысықтың етін жегізген шымкенттік емші соттан құтылып кетті

Жаңалықтар
view 157
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 6 бала асырап алып, оларды қинады және бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамады деген айып тағылған емшінің ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сот созылмалы психикалық ауруға шалдыққан Ұлықбек Смановты мәжбүрлі емге жіберуге шешім қабылдады. Оның әйелінің ісі де қысқарды. Полиция дерегінше, әйелдің әрекетінде қылмыс құрамы болмаған.

Оның әйеліне қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша материалдар жеке өндіріске бөлінді. Осы істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу өткізілді. Тергеу барысында куәгерлерден сұхбат алынды, сараптамалар тағайындалды, беттестірулер жүргізілді, - дейді қалалық полиция басқармасы.

Тергеу нәтижесіне сай күдіктіге қатысты іс тоқтаған. Бұл шешіммен прокуратура келіскен.

Еске сала кетсек, былтыр жазда Шымкентте жергілікті емшінің Астана, Алматы және Шымкент қаласындағы балалар үйінен 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін бергені және азаптап келгені туралы ақпарат шыққан еді.

Балалардың үлкені 16 жаста, кішісі 1 жасар. Кейін оның бұрын да сотты болғаны анықталған. Алайда білім басқармасына соттылығы жоқ, ақыл-есі дұрыс деген анықтама берілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *