Қайғылы жағдай: Павлодар облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылды (ВИДЕО)
Фотосурет: Павлодар облыстық ПД
Павлодар облысында ішінде 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Шідерті – Астана тасжолында болған. Апат салдарынан 1 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің бір бөлігі ауруханаға жеткізілді.
Жедел жәрдем қызметіне Шідерті – Астана тасжолында автобустың аударылғаны туралы хабар түсті. Шамамен 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер бар. Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы мен Төтенше медицина орталығының тобы жіберілді, – делінген облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарламасында.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, тасжолда сол автобус апатына байланысты бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған. Сонымен қатар боран, қатты жел және жолдың көрінбеуіне байланысты, 7 қарашада сағат 20:00-ден бастап, Павлодар облысында барлық бағыттағы барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды.
Павлодар облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Пікірлер (0)