Алты өңірде қалың тұман түседі
Жаңалықтар
201
ҚазАвтоЖол еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ болады деп болжанады.

«Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар», — деп жазды ведомстводан.

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген ақпаратта.
Пікірлер (0)