“Анасы - оқушы”: Мешіттен жаңа туған сәби табылды
Жаңалықтар
298
Сурет: Ашық дереккөзден
Қырғызстанда мешітке бала тастап кеткен әйелдің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.
3 қаңтар күні Қызыл-Қия қаласындағы мешіттердің бірінен жаңа туған нәресте табылды. Баланың жаялыққа мықтап орап, мешіттің ішіне тастап кеткен.
Жергілікті полиция сол күннен бастап іздеу шаралар жүргізді. Нәтижесінде нәрестенің анасы 10 қаңтар күні анықталды. Ол Оразбеков ауылының 16 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Кәмелет жасына толмаған қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Нәрестенің әкесі туралы мағлұматтар айтылмады.
Пікірлер (0)