Англия Францияны жеңіп, ӘЧ - 2026 қола жүлдесін иеленді
фотосурет: SOCCER-WORLDCUP-FRA-ENG.JPG.
JANABASTAU.KZ - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші орны үшін өткен матчта Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдесін еншіледі.
Майами-Гарденс қаласындағы «Хард Рок» стадионында өткен кездесуде ағылшындар алғашқы таймда төрт жауапсыз гол соғып, айқын басымдыққа ие болды. Есепті 3-минутта Деклан Райс ашса, 18-минутта Эзри Конса мергендігімен көзге түсті. Ал Букайо Сака 37 және 45+1 минуттарда дубль авторы атанып, үзіліске дейінгі есепті 4:0-ге жеткізді.
Екінші таймда Франция құрамасы камбэк жасауға талпынды. Килиан Мбаппе 48 және 66-минуттарда екі гол соқты, ал Брэдли Барколя 54-минутта мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты.
Матчтың 87-минутында Букайо Сака пенальтиді дәл орындап, хет-трик жасады. Қосымша уақыттың соңында Усман Дембеле (90+6) Францияның төртінші голын енгізгенімен, араға екі минут салып Джуд Беллингем Англияның алтыншы голын соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі - 6:4.
Осылайша, Англия құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін ағылшындар 1966 жылы өз жерінде өткен әлем чемпионатында чемпион болған еді.
Ал Франция құрамасы 2014 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады. Француздар 2018 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылғы мундиальда күміс жүлдеге ие болған болатын.
Пікірлер (0)