Джеки Чан қатысатын халықаралық фильмнің түсірілімі Маңғыстауда басталды

Жаңалықтар
view 52
news

фотосурет: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысатын «Armour of God: Ultimatum» халықаралық көркем фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды. Бұл туралы  Janabastau.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Жобаның ашылу рәсімінде фильм режиссері Роберт Кун мен Джеки Чан кино саласындағы дәстүр бойынша арнайы кинотарелканы сындырып, түсірілім жұмыстарына ресми түрде старт берді.

Фильмнің негізгі көріністері Маңғыстау өңірінің ең көрікті табиғи орындарының бірі - Бозжыра шатқалында түсіріледі. Халықаралық шығармашылық топтың мақсаты - Қазақстанның бірегей табиғатын әлемдік аудиторияға таныстыру.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл жоба еліміздің киноиндустриясының дамуына серпін беріп, Қазақстанның халықаралық киножобаларды қабылдай алатын әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *