Қазақстан мен Оңтүстік Корея креативті индустриядағы әріптестікті күшейтеді
фотосурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Оңтүстік Кореямен креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге кірісті. Сеулде өткен кездесулерде екі ел тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады деп хабарлайды Janabastau.kz ақпараттық агенттігі.
«Креативті индустрияларды дамыту қоры» мен Кореяның креативті контентті дамыту агенттігі (KOCCA) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат кино, музыка және басқа да креативті бағыттарда ортақ жобаларды іске асыруды, білім беру бағдарламаларын ұйымдастыруды, тәжірибе алмасуды және бірлескен зерттеулер жүргізуді қамтиды.
Қазақстандық делегация MBC және HYBE компанияларының басшыларымен де кездесіп, контент өндіру, зияткерлік меншікті коммерцияландыру, жасанды интеллектті қолдану, цифрлық платформаларды дамыту және креативті өнімді халықаралық нарыққа шығару мәселелерін талқылады.
Бұл келісімдер қазақстандық авторлар мен шығармашылық кәсіп иелеріне жаңа халықаралық мүмкіндіктер ашып, отандық креативті өнімнің әлемдік нарықтағы әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанның креативті индустриясында 156,7 мың адам еңбек етеді.
Пікірлер (0)