Месси: «Енді не болса да, біз тарихта із қалдырдық»

Жаңалықтар
view 45
news

фотосурет:дереккөз

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында командаластарына жүрекжарды үндеу жолдады. Бұл туралы Janabastau.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Футболшы өз ойын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп, ұлттық құраманың суретін жариялады. Ол команданың табысты жолына үлес қосқан барлық ойыншыларға, жаттықтырушылар штабына және ұжымның бірлігін сақтауға еңбек етіп жүрген жандарға ризашылығын білдірді.

«Осы жылдардағы ең үлкен жетістігімі - тек жеңіп алған жүлделер емес. Ең бастысы - бірге жүріп өткен жолымыз, күн сайын бір команда болып еңбек етуіміз, қиындықтарды еңсеріп, әр сәттің қадірін білуіміз. Командаластарыма, бапкерлерге және осы ұжымды шынайы отбасыға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп жүрген әрбір адамға алғыс айтамын. Ертеңгі нәтиже қандай болса да, біз тарихта мәңгі сақталатын із қалдырдық. Бұл - ешкім өшіре алмайтын тарих. Алға, Аргентина!» - деп жазды Лионель Месси.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *