"Әні талғамсыз": Бағым Мұхитденова Димашқа айтқан сынын өзгертпейтінін жеткізді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 382
news

Сурет: әлеуметтік желіден

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова бір кездері Димаш Құдайберген туралы айтқан пікіріне қатысты жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

"12 жыл өтті сонда да қоймайды, менің күлкім келеді. Ол жерде менің тұтас айтқан ойым емес, жай бір сөйлем тарап кетті. Содан кейін мен Димашқа жоғары ноталарда ән айтпа дегендей болып қалдым. Ал мен дәл сол әнде шыңғырудың қажеті жоқ екенін айттым. Оның орындаған әні орта деңгейдегі туынды еді. Мен үшін ешқашан жоғары деңгейдегі хит ән болмаған. Мен өз айтқан сөзімнен мүлде бас тартпаймын. Маған одан кешірім сұрауың керек дейтіндер бар. Не үшін екенін де түсінбеймін. "Песни" деген конкурс бар. Ол жерде орындаушы емес, ән сынға түседі. Димашпен де солай болған. Біз ән туралы айттық. Димаш айтқан әнде керек емес дүниелер қолданды. Меніңше, оның таңдап алған әні талғамсыз болды. Ол әлемдік жұлдыз. Тіпті талқыланбайды да. Ал егер оның таңдап алған әні керемет болғанда хитке айналатын еді. Олай болған жоқ. Сондықтан менікі дұрыс", - деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *