«Қосшы – құт қонған қастерлі өлке»: жас ақындар мүшәйрасы жарияланды
Фотосурет Қосшы қалалық кітапханасынан алынды
Қосшы қаласының 4 жылдығына орай жастарға арналған ерекше жыр бәйгесі жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Қосшы – құт қонған қастерлі өлке» атты аймақтық мүшәйраға Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 16 мен 35 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады.
Мүшәйра мақсаты – Қосшы қаласының жаңа бет-бейнесін өлең өрнегімен таныту, жас таланттарды қолдау, рухани кеңістікті поэзиямен байыту.
Өтінімдер 21 шілдеге дейін қабылданады.
Өлеңдер поэзия жанрында жазылып, Қосшы қаласына арналуы шарт. Үміткерлер өз туындыларын және өтінімдерін kitaphana.qosshy@mail.ru электронды поштасына жолдай алады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: +7 775 545 10 97 (Сымбат Бауыржанқызы).
Пікірлер (0)