Әнші Айдана Меденова хиджабты не үшін шешкенін айтты

Жаңалықтар
view 101
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Kesh You тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова хиджабты не себепті шешкенін түсіндірді. Әнші бұл туралы журналист Аман Тасыған жүргізетін Talk Like бағдарламасында айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. ақпарат агенттігі Smartnews.kz-ке сілтеме жасап.

Меденованың сөзінше, әкесінің ұзақ науқастан кейін қайтыс болуы оның өміріндегі ауыр кезеңге тұспа-тұс келген. Сол күйзеліс оны дінге бет бұруға итермелеп, хиджаб тағуына себеп болған. Әнші хиджаб кимей тұрып, төрт жыл бойы тұрақты түрде намаз оқығанын атап өтті.

Оның айтуынша, бұл шешім ешқандай діни топтың ықпалымен қабылданбаған. Намазды өз бетімен үйреніп, дінге қатысты ізденісті жеке бастағанын жеткізді. Сондай-ақ жақындары хиджаб киюіне де, өнерден кетуіне де қарсы болған.

Айдана Меденова дінге бет бұрғаннан кейін араб әліпбиін меңгеріп, бір жылдың ішінде араб тілін түсіне бастағанын айтады. Осы кезеңде Құран Кәрімді оқып, исламды тереңірек зерттеген. Алайда әнші бірнеше ай бұрын орамалын шешкенін жасырмады.

Оның айтуынша, басты себеп — сахнаға қайта оралуға деген ішкі қажеттілік.

«Өзімді шынайы әлсіз адаммын деп айта аламын. Мен өнерге әлсізбін, өнерге құмармын. Өнер маған эмоция береді. Адамда нәпсі бар, өмірде әртүрлі кезең болады. Қазіргі сәтте маған өнер қажет болып тұр», — деді ол.

Сонымен қатар Меденова намазды тоқтатпағанын атап өтті. Өнердегі ішкі қайшылығы шешілгеннен кейін хиджабқа қайта оралуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Әншінің айтуынша, хиджабтағы өмір салты оған рухани тұрғыда қолайлы болған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *