Әнші Мұқасан Шахзадаев жас әріптесін аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
Фотосурет: ozgeris.info коллажы
«Нұр-Мұқасан» тобына жаңадан қосылған әнші Ғалымжан соққыға жығылғанын айтты. Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің айтуынша, даудың басы топ орындаған әннен басталған. Мәселені бейбіт жолмен талқылау үшін Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Шахзадаев Ғалымжанға күш қолданған.
Соның салдарынан Ғалымжан түрлі дене жарақаттарын алып, мұрны мен қолы сынған. Ең сорақысы, оқиға орнына шақырылған полиция Мұқасанды емес, керісінше, жәбірленушінің өзін ұстап әкеткен.
Қазір «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, күш қолданған әртісті жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқиға бойынша құқық қорғау органдарына ресми шағым берілген.
Пікірлер (0)