Димаш Silk Way Star халықаралық жобасының жеңімпазын марапаттады

Жаңалықтар
view 98
news

Фотосурет: Silk Way Star

Астанада Silk Way Star халықаралық жобасы финалдық кезеңге де табан тіреп, Мишель Джозеф (Моңғолия) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Төрешілердің бағалауы мен көрерменнің дауыс беру нәтижесі бойынша да байқаудың үздігі бірдей анықталды. Жеңімпазды құттықтау кезінде сөз алған әнші Димаш Құдайберген жобаның әр қатысушысына алғысын айтып, байқаудың маңызына тоқталды.

Армысыздар, аса қадірлі көрермен! Бүгін елімізде Silk Way Star сахнасында 12 елден келген қатысушыларға үлкен қуанышпен қош келдіңіздер демекпін. Ерекше толқып тұрмын. Құрметті ағайын, әрбір қатысушы осы жоба аясында өз елінің мәдениетін, руханиятын, ең әдемі тұстарын, сазды әуенін күллі әлемге жоғары деңгейде көрсетті. Рұқсат болса, көп созбай-ақ қояйын, Silk Way Star жобасының жеңімпазы – моңғолиялық өнерпаз Мишель Джозеф! – деді Димаш Құдайберген.

Одан соң ол Мишель Джозефке байқау жеңімпазына берілетін мүсінді табыстады.

Айта кеткен жөн, аталған жоба Президент Телерадио кешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясының келісімі бойынша ұйымдастырылған. Байқауда Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея сынды 12 ел қатысушылары өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *