Көкшетау әкімі Жаңа жылға дұрыс дайындалмаған шенеуніктерге шүйлікті (ВИДЕО)
Фотосурет: instagram/sinegor.kz
Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев әкімдіктегі кеңесте қаланың Жаңа жылға дайындық жоспарын сынап тастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, оның берген тапсырмалары орындалмаған. Егер бірнәрсе жасалған болса, ол тек «сурет жүзінде», ал оның қалай іске асатынына ешкім бас қатырмайды.
Көкшетау қаласының бас сәулетшісі Айнұр Таңқыбаеваның слайдтарда бейнелеген жобаларының іс жүзінде орындалатыны әкімді сендіре алмады.
Сол себепті Әнуар Күмпекеев кәсіпкерлерді қаланы безендіруге және жаңажылдық көңіл-күй қалыптастыруға көмектесуге шақырды.
Еске сала кетсек, Жаңа жылға дейін қазақ қоғамы қастер тұтатын Тәуелсіздік күні мерекесі бар. Ол туралы әкім-қаралар ештеңе демеді...
Пікірлер (0)