Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанның киносын не үшін сынады? (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 92
news

Фотосурет: Instagram/bakyt_turman

Әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанның киносына қатысты пікіріне жауап берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бақыт Тұрманның өзі негізінен сыншы және өнертанушы. Ол кәсіби тұрғыдан Мөлдір Мұқанның жаңа фильміне қатысты ойын ашық жеткізген болатын. Бірақ сол пікірі көпшілікке жақпай қалды. Кейін өзі ел алдына шығып, жағдайды түсіндірді.

Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де «Ол рас, осындай кемшіліктер болды» деп жазды. Мен әрдайым шын пікірімді айтамын, сондықтан ешқандай реніш туындамайды деп сенемін. Болды, бәрі орнына қойылды, – деді Бақыт Тұрман, тіпті Мөлдірдің атынан жауап бере отырып.

Алайда бұл сөздер желі қолданушыларын бей-жай қалдыра алмады. «Қайраттың киносы да нашар ғой, оны неге айтпайсың?», «Мүмкін Тұрсынбекке жағу үшін айтты, себебі оның театрында жұмыс істейді ғой», «Бұл Тұрсекеңнің тапсырысы емес пе?» деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *