Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтар
view 132
news

Фото: ozgeris.info коллажы

«Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен адамды ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әнші Мұқасан Шахзадаев жас әріптесін аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Полиция не деді

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Оның үстінен 22 қараша күні арыз жазылған.

22 қараша күні Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Полиция департаменті.

Тиісті шешім қабылданады

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу бастаған.

Тергеу объективті, толық және жан-жақты жүреді. Тергеу нәтижесіне сай тиісті шешім қабылданады, - деп мәлім етті ПД.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзінің орнына келген Ғалымжан Сүлейменді достарымен бірге аяусыз ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *