Антикор Түркістан облысында бірнеше шенеунікті тергеп жатыр
Фото: ortcom.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Дегенмен ресми мәліметте қолға түскен шенеуніктердің аты-жөндері жарияланбаған.
Атап айтқанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр, - деп хабарлады ҰҚК.
Сондай-ақ Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара берген. Бұл фактіні де Антикор тексеріп жатыр.
Соттың санкциясымен осы тұлғалар қамалды, - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)