Ақберен Елгезек: "Кей қазақ Құдаймен тегі жүгенсіз алысып кетті"
Сурет: Ашық дереккөзден
Ақын, жазушы Ақберен Елгезек дін мен қоғамға байланысты алаңдаушылық білдіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
"Соңғы кезде біздің кей қазақ Құдаймен тегі жүгенсіз алысып кетті. Қанша батыр болсаң да, бұл әрекетің біртүрлі көрінеді бар ғой.
Қызық негізі. “Құдайды жоқ” деп санап алған адам кіммен күресіп жүр өзі? Жоқ нәрсемен есі дұрыс адам шайқаса ма? Ал егер Құдайды бар деп іштей мойындап алған, бірақ Онымен алысуды өзіне сән көретін адамның мақсаты не сонда?! Екі жағдайда да Құдаймен алысып жүрген адамның “жалпы дені сау ма өзі?!” деген сұрақ туады бізде.
Мейлі сен Тәңір деген жаратушының әскері екенсің, Исламдағы Алламен жауласып жүр екенсің. Сол “Алла” - “Тәңір” деген қазақ сөзінің араб тіліндегі нұсқасы екеніне ой жүгіртіп көрген жоқсың ба? Мағынасы бір ғой. Әр ұлттың тілінде таулардың атаулары, сөздері, дыбысталуы әртүрлі болғанмен таудың заты - тау, судың заты - су, адамның заты - адам, мейлі ол “адам”, “человек”, “human” “инсан”, “人” “der mensch”, тағы бірдеңе болсын. Мен Аллаға тиісе берсем болады, тек Тәңірге тиіспесем болды деген не даңғойлық? Құдайдың қай тілдегі атауына тиіссең де, Ол – бәрі бір Бір Жаратушыға тиетін сөздер ғой. Жамандық шақырмай қойыңдар енді, ақылдарың бар ғой", -деді Ақберен Елгезек.
Пікірлер (1)
Өте дұрыс айтылған сөздер .жарайсың Ақберген!