Ақмола облысы елордаға сүт өнімдерін 50%-ға дейін жекізуді көздеуде
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақмола облысы биік мақсаттарға жету жолында озық технологияларды енгізе отырып, сүтті мал шаруашылығындағы инновацияларға баса мән беруде. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды.
Бүгін «Агрофирма «Родина» ЖШС-де Қазақстанда ғана емес, күллі Орталық Азияда баламасы жоқ «Әткеншек» кешені іске қосылды.
Мақсаты бойынша - бұл ірі қара малы бар фермалар үшін таптырмас шешім. Бір реттік сыйымдылығы 80 бас болатын роботтық жүйе мүмкіндіктеріне сәйкес, 5 сағат ішінде 2000 сиырға қызмет көрсетеді, бұл өз кезегінде оператордың көп күш жұмсауын қажет етпейді.
Аталған жүйеде қарастырылған инновациялық шешімдер, тіпті осы саладағы мамандарды таң қалдыруда. Жануардың жайлылығына айтарлықтай рөл берілген. Ең алдымен бұл түрлі аурулардың алдын алатын тұяқтарды үнемі емдеуге арналған, автоматты тұяқ ванналары.
Сүттің сапасы жануарларды саууға дайындау сапасына, әсіресе сүт безі мен сауу емізіктерінің тазалығына тікелей байланысты. Сауын залының мүмкіндіктері бұл мәселеде де адамға көмекке келуге мүмкіндік береді. Ол үшін кешенде диетаны оңтайландыруға және жануарлардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін сиырлардың тамақтану камерасы бар. Сиырлардың ұрықтану кезеңін анықтау датчиктері ұрықтандыруды жоспарлауға және табынның репродуктивтілігін арттыруға көмектеседі. Сауғаннан кейін сиырлардың желінін өңдейтін арнайы робот, маститтің алдын-алу процедураларын жүргізеді, дезинфекциялық құралдарды дәл қолдануды қамтамасыз етеді. Суару және салқындату жүйесі ыстық маусымда жануарларға қолайлы микроклиматты қамтамасыз етіп, олардың өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Бұдан бөлек, сүттің емдік қасиеттерін сақтау үшін, тұтынушылардың сұраныстары өте маңызды екеніне де назар аударылады. Сүтті сақтауға арналған сыртқы тік қоймалар сүтті қайта өңдеуге дейін оның сапасын сақтай отырып, қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етеді. Сүтті ағынмен салқындату жүйесі оның балғындығын сақтайды және бактериялардың көбеюіне жол бермейді. Су мен жылуды қалпына келтіру жүйесі суды жылыту үшін сүтті салқындату процесінде бөлінетін жылуды қолдана отырып, энергия шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Халық арасында «мега-әткеншек» деп аталатын кешенді іске қосу – Президенттің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70% - ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы маңызды қадам болмақ.
Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы облыс аграрларын қолдаудың тиімді құралына айналды. Өткен жылы несие қаражатының арқасында өңірде 5,4 мың бас ірі қара малға арналған 5 ірі сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. 2025 жылы 1,2 мың басқа тағы 2 СТФ-ны іске қосу жоспарлануда.
Аталған шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл өсім өңірге елорда тұрғындарын 50%-ға сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.
Пікірлер (0)