Ақбота-Нұр Сейтмағамбет желіде дау туғызған “сүйісу сахнасына” қомақты гонорар төлегенін айтты

Жаңалықтар
view 443
news

бейнежазбадан алынған кадр

Отандық актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет желіде дау туғызған “сүйісу сахнасына” қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасап janabastau.kz хабарлайды.

Әнші әрі актриса көрерменге жол тартқан “Адал алаяқтар” фильміндегі дау болған сахнасы туралы Revue News бағдарламасында айтып берді.  

 “Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма, жеке өміріме әсер етті. Хайптың аты хайп деген осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр", – деді ол.

Одан кейін актриса түсірілім кезінде жарақат алғанын айтып, бүгінде денсаулығына күш түсіп тұрғанын жасырмады.

"Продюсерімізге шағымданайын деп тұрмын. Түсірілімге барғанда жарақаттанып қалдым. Бір-екі қимылым дұрыс болмай, жігіттеріміз үстелді дұрыс қоймағандықтан құлап, жарақат алдым. Сосын он күндей емханада жатқан едім", – деді өнер иесі.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *