Анасы екі жасар қызын өлтірген

Жаңалықтар
view 165
news

Сурет: Ашық дереккөз

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында 2 жасар қызын өлтірген анаға қатысты іс және екі қызға әкелері тарапынан жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқиғаның материалдарын толықтай сол жерде зерттеу және тергеу шараларының толықтығын қамтамасыз ету үшін Қонаев қаласы мен Алматы облыстық Ішкі істер департаментімен және Астанадан келген тергеу басқармасымен кездестім. Өңірлік уәкіл марқұм Шерзаттың отбасымен кездесті. Сонымен қатар, өңірлік уәкілмен бірге 2 жасар қызын өлтірген анаға қатысты іс және екі қызға әкелері тарапынан жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша облыс прокуратурасымен жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желіде.

Уәкілдің айтуынша, соңғы факті бойынша уәкіл қыздармен және олардың әпкелерімен кездескен.

«Сонымен қатар өңірлік уәкіл Талғар ауданының ІІБ-не, сондай-ақ, мектеп оқушысына мұғалім тарапынан жасалған буллинг бойынша шағымды қарау үшін Алатау қаласына барды», - деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *