Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасына екі бөлмелі пәтер берілді
Жаңалықтар
152
Фото: видеодан алынды
Жітіқарада 5 баласынан айырылған отбасына екі бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, өртің салдарынан бес баласынан айырылған отбасына қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілген.
«Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорынның бастамасымен отбасына екі бөлмелі пәтер сатып алынды», – делінген әкімдік хабарламасында.
Пікірлер (0)