Ақмола облысында 7-сынып оқушысы әкесін пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
view 1050
news

Фото: freepik.com

Ақмола облысында мектеп оқушысы әкесін өлтірді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 27 желтоқсанда болған. Ақмола облысының Макинск қаласында түнде 12 жастағы ұл бала әкесімен жанжалдасып, оны пышақтап өлтірді.

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, кезекші бөлімге жедел жәрдем фельдшері хабарлап, «пышақ жарақатынан мерт болған адамның денесі табылғаны» туралы ақпарат берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әке мен бала арасында жанжал болғанын анықтады.

«Әкесі 1977 жылғы, мас келіп, ұлын бірнеше рет басынан ұрған, сонда бала әкесіне екі пышақ жарақатын салған. Соның біреуі кеуде қуысына тиген», деп мәлімдеді полиция басқармасы.

 

Жарақаттан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *