Росавиация: Ақтаудағы апатқа Грозныйдағы дрон шабуылы әсер етті
Ulysmedia коллажы
Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты ресейлік Сосавиации басшысы Дмитрий Ядров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
РОСАВИАЦИЯ БАСШЫСЫ НЕ ДЕЙДІ
Ядров болған жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеру қажеттігін айтқан. Оның сөзінше, апат болған күні Грозный әуежайының маңындағы жағдай өте қиын болған. Ядровтың айтуынша, "Украина дрондары осы уақытта Грозный және Владикавказ қалаларында азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасаған".
Осы кезде әуежай аймағында барлық әуе кемелерінің көрсетілген кеңістіктен дереу кетуін көздейтін "кілем" режимі енгізілген.
Сонымен қатар, тұман түіп, 500 метр биіктікті көру қиынға айналған.
– Әуе кемесінің командирі Грозныйға ұшақты қонуға екі рет әрекет жасады, онысы сәтсіз болды. Командирге басқа әуежайлар ұсынылды. Ол Ақтау әуежайына бару туралы шешім қабылдады, - деп қорытындылады Росавиация басшысы.
Пікірлер (0)