Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтеді

Жаңалықтар
view 22
news

Сурет: Ішкі саясат басқармасы

2024 жылдың 12 қазанында Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды janabastau.kz ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша жәрмеңкеге Аршалы, Ерейментау, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград аудандары және Көкшетау қаласынан, сонымет қатар «Кokshe ӘКК ҰК» АҚ 80 тоннадан астам өнім ұсынатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады деп күтілуде.

Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары «Capital Projects LTD» ЖШС, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «МПК Бижан» ЖШС, «Milk Projec» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Урожай» ЖШС, «Айбат» ЖШС, «Қазгер Құс» ЖШС,  «Шортанбай 2019» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Ақкөл Құс» ЖШС сияқты және т. б. жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. 
Сондай–ақ, жәрмеңкеде «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламаларына қатысушылар өз өнімдерін ұсынады.

Нарықтағыдан 10-15%-ға төмен бағамен облыс аграршылары ет және шұжық өнімдерін,  балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдерін, ұн, картоп, көкөністер және өзге де азық-түлік түрлерін әкеледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *