Ақмола облысында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді

Жаңалықтар
view 35
news

Фотосурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жылдары Ақмола облысында мәдениетке көп көңіл бөлініп келеді. Жаңа мәдениет үйлері салынды. Сонымен қатар кітапханалар мен клубтар жөндеуден өтті. Халыққа арналған түрлі шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Соңғы үш жылда облыста 12 жаңа мәдениет үйі салынып, 62 ғимарат жөнделді. Бұл жұмыстарға 15 миллиард теңге жұмсалды.

Алдағы уақытта Щучинск қаласында жаңа мәдениет үйі ашылады. Сондай-ақ Аршалы ауданында жастар орталығы пайдалануға беріледі. Қосшы қаласында заманауи Креативті хаб жұмысын бастады. Ол бір уақытта 1 мың адамды қабылдай алады, - деп атап өтті Айгүл Сәбитова.

Жыл басынан бері облыста жүздеген мәдени іс-шара өткізілді. Сондай-ақ өңірдің өнер ұжымдары шетелде өнер көрсетті. Атап айтқанда «Он алты қыз», «Полянка», «Балдаурен» сияқты ансамбльдер Ресей мен Еуропадағы байқауларға қатысып, жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, музейлер мен кітапханаларға жаңа технологиялардың енгізіліп жатқаны айтылды.

Жәдігерлердің 85%-ы цифрландырылып, 400-ден аса ескерткішке QR-код қойылды. Кітапханадағы жергілікті әдебиеттер электронды форматқа көшірілді, - деді спикер.

Өңірімізде жаңа рекордттар қойылды. Атап айтқанда,  Көкшетауда 1 600 әйел көздің жауын алатын кимешек киіп, шеру өткізді. Ұлттық домбыра күнінде 3 мың адам бір мезетте күй орындады және Қосшыда 307 жұп вальс билеп, рекорд орнатты.

Ақмола облысы соңғы жылдары мәдениет пен өнерге жаңа серпін берді. Жаңа ғимараттар, халықаралық фестивальдер, тарихи жаңалықтар – барлығы өңірдің рухани дамуына үлкен үлес қосуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *