Ақмола облысында отбасылар референдумда белсенді дауыс беруде

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысында өтіп жатқан референдум барысында өңір тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне отбасыларымен бірге келуде. Бұл – елдің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың жауапкершілігі мен бірлігінің айқын көрінісі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Солардың бірі – Қосшы қаласының тұрғыны, «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының жеңімпазы, үлгілі әрі көп балалы Қазанғаповтар әулеті. Отбасы отағасы Ыбырай Қазанғапов жанұясымен бірге референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Отбасы мүшелері елдің ертеңіне немқұрайлы қарамайтынын және әр азаматтың азаматтық ұстанымы маңызды екенін атап өтті. Олардың айтуынша, Отанға деген сүйіспеншілік пен қоғамдық өмірге белсенді араласу – өскелең ұрпаққа көрсетілетін ең үлкен үлгінің бірі.

Мемлекеттің іргетасы – отбасы. Біз бүгін еліміздің жарқын болашағы мен тұрақтылығы үшін өз таңдауымызды жасадық, – деді отбасы отағасы Ыбырай Қазанғапов.

Ал Степногорск қаласында Қарашиндер отбасы референдумға тұтас жанұясымен келіп, дауыс берді. Олар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, референдум бастамасын қолдайтындарын жеткізді.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, дауыс беру – азаматтық жауапкершілікті танытудың бір жолы әрі қоғамның дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі. Қарашиндер референдумға бүкіл отбасымен келуді әдейі таңдағандарын, осылайша жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, қоғамдық бастаманы қолдауды мақсат еткендерін айтты.

Осылайша, Ақмола облысының Қосшы және Степногорск қалаларында тұратын отбасылар референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау процесіне өз үлестерін қосуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *