Танымал спортшылар таңдау жасады

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: дереккөз

Еліміздің танымал спортшылары республикалық референдумда дауыс берді. Олардың қатарында бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, көркем гимнастикадан Азия чемпионы Әлия Юсупова, сондай-ақ есімі елге мәлім дзюдошылар Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбужақынова бар6 деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Жаңа өзгерістер елдің тұрақтылығы мен дамуына бағытталған деп ойлаймын. Біз спортшылар да ел болашағына бейжай қарамай, маңызды бастамаларды қолдаймыз», деп жазды әлеуметтік желіде Әлия Юсупова.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №437 референдум учаскесінде дауыс берді. Нимбурк қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынында жүрген спортшылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумға қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел үшін маңызды саяси оқиғаға қолдау көрсетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *