Ақмола облысында ұшақтан өрт шығып, апатқа ұшырады

Жаңалықтар
view 580
news

Сурет: Видеодағы кадр

Ақмола облысында Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағынан өрт шығып, апатқа ұшырады, деп хаабрлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар өртті ауыздықтап, түгелдей сөндірді.

Төтенше жағдайға қатысты көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын мәлімдеді. 

“Сағат 18.54 Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Тіркеу нөмірі — UPA0141. Ұшақта өрт тіркелді. Бортта ұшқыш болған. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-ға тиесілі”, – делінген хабарламада.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *