Ақмола облысының 6 студенті «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті»тізіміне енді

Жаңалықтар
view 73
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша өңірлерде 200 студент республикалық турға өтті, оның 100-і марапатқа ие болды. Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік, талантты және дарынды колледж студенттерін жинады, деп хабарлайды janabastau.kz.

​Байқау алғаш рет өткізіліп отыр, басты мақсат - экономиканың түрлі салалары үшін білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру. Жарысқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 2 мыңнан астам студент қатысты.

​Байқау жеңімпаздары «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» деректер базасына енгізіліп, олардың барлығы жұмысқа орналасуға ықпал ететін арнайы сертификаттармен табысталды. Сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетілетін болады.

​Жантайқожа Аллан Еранұлы – «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК

​Айтен Алтынай Саматқызы – «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК

​Есенғазы Бекжан Сайранұлы – «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі»

​Қабдөш Ахатыр Ерболатұлы – «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі" МКҚК

​Прядко Григорий Сергеевич – «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі, Щучинск қаласы» МКҚК

​Беленец Каролина Викторовна – «Жоғары техникалық колледж, Щучинск қаласы» МКҚК

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *