Ақмола облысының прокуратурасы «Құқықтық тәртіп әліппесі» акциясын өткізді

Жаңалықтар
view 9
news

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп әліппесі» атты ауқымды профилактикалық акциясы өткізілді,-деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.


​Іс-шара Ашық есік күні форматында ұйымдастырылып, оған Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.
​Акция Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілді.
​«Жасыл» ел жасағының мүшелері мен Көкшетау қаласының еріктілеріне үшін тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, онда арнайы техника, авариялық-құтқару құралдары, криминалистикалық жабдықтар таныстырылды. Сондай-ақ әрбір қызметтің ерекшелігі, күнделікті атқаратын міндеттері мен мамандыққа қойылатын талаптар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
​Қатысушылар көрсетілімдерге, заманауи техникамен танысуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет ететін мамандармен тікелей сұхбаттасуға ерекше қызығушылық танытты.
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *