АҚШ-тың Мэриленд штатында Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды

Жаңалықтар
view 115
news

Сурет: azattyq.org

Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты. Арасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев бар.

11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа Diyanet Center of America мешітінде оқылды, деп хабарлайды   janabastau.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты. Арасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, сол жақтағы консул Жүсіп Орынбай, Америкадағы қазақ қауымдастығының өкілдері, “Болашақ” бағдарламасымен оқып жатқан студенттер де бар.

Бұған қоса, жазушының отбасы, балалары мен немерелері, достары қатысты.

Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді.

Жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда (АҚШ уақытымен 9 қаңтарда) 85-ке қараған шағында қайтыс болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *