“Ақша бопсалаумен айналысқан”: Түркістан облысында екі блогердің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

Жаңалықтар
view 341
news

Сурет: видеодан скрин

Полицейлер Түркістан облысында екі блогердің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялап, қылмыстық істің жай-жапсарын мәлімдеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған Janabastau.kz  хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарық көрген ақпарат бойынша, Түркістан облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактісіне қатысы бар екі блогерді анықтаған.

"Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоқы жасап, ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпас үшін ақша алып тұрған сәтте ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Ұсталғандар қамауға алынып, заттай дәлелдемелер тәркіленген. Ведомствоның мәліметінше, күдіктілердің бірі бұрын сотталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *