“Ханзада Жумонг” Қазақстанға келді (видео)

Жаңалықтар
view 200
news

Сурет: видеодан скрин

Көпшілікке "Ханзада Жумонг" рөлімен танымал Сон Иль Гук кеше Қазақстан мен Корея өнерпаздарының гала-концертін жүргізді. 52 жастағы актердің видеосы әлеуметтік желіде тарады,-деп хабарлайды Janabastau.kz.

Іс-шарадағы видеоны отандық журналист, диктор Мүрсәлім Дастанбек TikTok желісіндегі парақшасында жариялады.
"Жумонг Қазақстанда. 52 жастағы ағам жап-жас" , - деп жазды ол.

Ал сүйікті актерін көрген көпшілік журналистің жазбасына түрлі пікір жазып қалдырды. "42 жасында Жумонг рөлін ойнаған", "Тоқтар Серіковке ұқсай ма?", "Қасында тұрған қыздың арманы жоқ шығар", "52 жаста ма, мәссаған!", "Қартаюды ұмытып кеткен бе?", "Түрі қазаққа ұқсап кеткен бе?", "Керемет", "Жап-жас көрінеді", "52 жасқа ұқсамайды", - деп жазды жұрт. Гала-концертті қос елдің президенті тамашалады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *