“Көпшілік алдында кешірім сұрасын”: Салтанат Нүкенованың ағасы Қазақстан Халық партиясының басшысы жалған ақпарат таратқанын айтты

Жаңалықтар
view 359
news

Сурет: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын айтып, Ертісбаевтың сөзін жоққа шығарды.

Бұған дейін Ертісбаев жалған ақпарат таратқаны үшін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Енді осы мәлімдемесі үшін Айтбек Амангелді одан кешірім сұрауын талап етті.

“Ертісбаевтың өтірікші екені көпшілікке мәлім шығар. Оның YouTube-та жалған ақпарат таратқаны үшін менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды деген мәлімдемесін көрген боларсыз. Сол үшін ішкі істер министрлігіне және бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне хабарластым. Олардан Астана бойынша менің үстімнен тіркелген сотқа дейінгі материалдар, маған қатысты бар арыздар туралы ақпарат беруді сұрадым. Қандай да бір істер бар ма, бұл істер бойынша процессуалдық жағдай қандай, бәрін білдім. 10 маусымдағы мәліметтер бойынша маған қатысты ешқандай іс жоқ. Егер ондай болса, менен жауап алып, тергеуге шақырар еді ғой”, – деді Амангелді.

Ол осындай мәлімдеме жасаған Ертісбаевтың бұл ақпаратты көпшілік алдында жоққа шығаруын және кешірім сұрауын талап етті. Егер кешірім сұрамаса, жала жапқаны үшін арыз жазатынын және моральдық шығынды талап ететінін айтты. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *