Ақтау маңында тұрғындар митингке шықты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 156
news

Сурет: Видеодан скриншот

Ақтау маңындағы "Тимирсу" тұрғын алабының тұрғындары көшеге шығып, митинг өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

"Тимирсу" тұрғын алабы тұрғындарының айтуынша, елдімекенде жол мен автобус аялдамалары жоқ. Сондай-ақ, жұмысшылар елдімекенге кіру және шығу кезінде қолайлы асфальт төсемінің қабатын алып тастаған. Арнайы техника жолды жауып тастаған. Бұл тұрғын үй массивінің тұрғындарының өтуін шектей бастаған. Ал жөндеу жұмыстары қашанға дейін созылатыны белгісіз деген тұрғындар өз уәждерін жеткізді.

"Біз көптен бері жолды жасауды сұрадық, өйткені жолдың бәрі шұңқырға толған. Абаттандырылған автобус аялдамалары жоқ», - деді тұрғындар.

20 қазанда тұрғындар көшеге шығып, өз наразылықтарын білдірді. Топ болып жиылған халыққа жергілікті әкімшіліктің өкілдері Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев келіп, бір апта ішінде тұрғын үй алабына кіреберістегі жұмыстарды аяқтап, "Тимирсу" жолының құрылысымен айналысуға уәде берген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *