Ақтау тұрғыны досын пышақтап тастады
Жаңалықтар
124
Фотосурет: istockphoto
Ақтауда ер адам досына пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2-ші шағын аудандағы №46 үйде болған.
Алкогольді ішімдік ішкен екі дос жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісінің жамбасына пышақ салған, - дейді полицияда.
Зардап шеккен ер адам емделіп жатыр. Бірақ ол өзіне пышақ салған досының үстінен арыз жазудан бас тартқан.
Алайда оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, дейді Маңғыстау полициясы.
Пікірлер (0)