«Күдік күйеубалада»: Хакер Атырауда жоғалған отбасы туралы тың мәлімет тапты

Жаңалықтар
view 395
news
news
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында жоғалып кеткен бүтін бір отбасына қатысты тың ақпарат шықты. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, атыраулық хакер отбасы жоғалып кеткеннен кейін оның бір мүшесі Наурыз Мұқанғалиевтің SIM-карталары ара-тұра қолданылғанын айтты.

Бұл нөмірлердің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркелген. Сонымен қатар аталған нөмірлер арқылы WhatsApp мессенджеріне күніне бірнеше рет кіріп отырды. Жоғалған адамдардың ешқайсысы Қазақстан шекарасын кесіп өтпеген, сәйкес белгі базаларда жоқ. Түркістан облысында Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өтуге арналған бейресми арналар бар, оларды белгісіз адамдар пайдалануы мүмкін, – дейді хакер.

Туыстарының айтуынша, біреулер отбасының қараша және желтоқсан айындағы зейнетақы төлемдерін алып отырған, сондай-ақ WhatsApp арқылы үйдегі малды сатып жіберген. Бұған дейін хат алмасу Наурыз Мұқанғалиевтің атынан жүргізілгені белгілі болған еді. Әлеуметтік желілерде үйдің отағасы әйелінің банк картасын шетелде, яғни Бали аралында қолданып жүр деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Бұл деректерін таратып отырған азамат мемлекеттік жүйелерді бұзбай, тек “ашық деректерді, SIM-карталарды талдау және провайдерлерден алынған ақпаратты” пайдаланғанын атап өтті. Сондай-ақ ол өзі күдіктеніп отырған адамның барын айтты.

"Менің бақылауыма сәйкес, SIM-карталар қолданылып жатыр, бұл үлкен күдік тудырады", — деп жазған ол өз жарияланымында.

Алайда журналист Гүлмира Абықай жоғалып кеткендердің саны 4 емес, 6 екенін айтты.

Мақсот ағамыздың 2 қыз, 1 ұлы бар. Алдымен “Ақтаудан жұмыс таптым” деп жалғыз ұлы Наурыз кетеді. Жаз басына жоғалған Наурыздың WhatsApp нөмірі кешеге дейін іске қосылып тұрған. Мұны Мақсоттың қарындасы Әсилә айтты. Полиция WhatsApp телефоннан емес, компьютерден қосылғандықтан абоненттің мекенжайын анықтау қиын тудырғанын айтқан. Қарашаның басында “дәрігерге қаралып келеміз” деп сыбыс таратқан отбасы сол күйі қайта оралмаған. Мақсот ағамыздың екі қызының үлкені Мирамгүл өздерімен бірге ұшты-күйлі жоқ. Екінші қызы тұрмыста, басқа ауылда тұрады, – деп жазды журналист.

Әсиләнің айтуынша, ол қызы Ақбаян да күйеуі Сұлтанмен бірге 5 қараша күні жолға шығып, сол күйі үйге оралмаған. Оның бес баласын қарап қалған енесі есікке қарап елеңдеп, күтіп отыр дейді.

Жоғалғандардың екеуі зейнеткер, екеуі мүгедектік жәрдемақы алады. Ең қызығы, қараша-желтоқсан айларындағы зейнетақысын шешіп алған. Ауылдағы азын-аулақ малдарды Наурыздың WhatsApp-ы арқылы саудалаған, – делінген жазбада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *