"Ақтаудағы апат: Путин Әлиевке қайта қоңырау шалды"
Ulysmedia коллажы
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Ресей президенті Владимир Путин Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты талқылауды бүгін де жалғастырды, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Путин мен Әлиев бүгін телефон арқылы сөйлескен кезде Әзербайжан әуе жолдары ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түрлі мәселелерді талқылауды жалғастырды», - деп жазды ТАСС.
Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі телефон арқылы өрбіген әңгіме ресейлік тараптың бастамасымен болғанын айтты.
“29 желтоқсанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке телефон соқты”, деп жазды Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)