Ер адам 4 баласын бірдей өлтіріп тастады
Фото: freepik.com
4 баласын өлтірген ер адам өзіне де қол жұмсамақшы болды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Қайғылы оқиға Ресейдің Тверь облысында болды. Ер адам 1, 3, 5 және 7 жастағы төрт баласын өлтірді. Күдікті оқиға кезінде есірткіге мас болғаны анықталды. Дәрігерлер нақты себебін білу үшін анализ алып жатыр. Ер адам бұл қылмысты жасағанға дейін балалардың анасын бөлек бөлмеге қамап қойыпты. Қазір құзырлы орган қызметкерлері одан куәлік алып жатыр.
Қылмыстан соң күдікті өзіне ауыр жарақат салған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағандарды өлтіру» айыбы тағылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Пікірлер (0)