«Ақтаудағы қайғылы оқиғаға Ресей кінәлі» – Зеленский

Жаңалықтар
view 436
news

Фото: Алина Смутко / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты жазба жариялап, қайғылы оқиғаға Ресей жауап беруі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Әзербайжан әуе жолдарының рейсінің жантүршігерлік апатына қатысты небір мәліметтер шығып жатыр. Мен Әлиевке және Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Әрбір адамның өмірі құнды және әрқайсысының өлімі апаттың ақиқатына жету үшін жан-жақты зерттеуге лайық. Біз апат орнынан Ресейдің қайғылы оқиғаға жауапты екенін көрсететін айқын дәлелдерді көріп отырмыз», деп жазды Зеленский.

Ол 2014 жылы Донецк көгінде малайзиялық Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағанын еске алды.

«Егер Ресей MH17 ұшағының апатынан басын алып қашқаны сияқты өтірік айтуды жөн көрсе, онда біз шындыққа жету және Мәскеуге жауапкершілікті мойнына алдыру үшін барлық халықаралық қысымды бір арнаға тоғыстыруымыз керек», - деп мәлімдеді Украина басшысы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *