Ақтаудағы ұшақ апаты: Ресей Грозныйда қылмысты іс қозғады - Кремль

Жаңалықтар
view 239
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі ресми мәлім етті.

“Ресейдің Тергеу комитеті ҚК 263-бабы (Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынып жатыр” деп жазды Кремль.

Сонымен қатар Кремльдің баспасөз қызметі қазіргі таңда Әзірбайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүргенін және олардың Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірге жұмыс істейтінін хабарлады.

Еске сала кетсек, Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, көшбасшылар AZAL жолаушылар ұшағының апатын талқылады. Сондай-ақ Путин қайғылы оқиғаның ресейлік әуе кеңістігінде болғанына өкініш білдіріп, кешірім сұрады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *